«Пастухов ізімен» палеонтологиялық экспедиция

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 2024 жыллдың          7-18 тамызы аралығында «Пастухов ізімен» тақырыбында палеонтологиялық экспедиция ұйымдастырды.








География ғылымдарының кандидаты, профессор Қ.Ахмеденов жетекшілік еткен экспедиция Жылыой ауданының Ақкегершін, Ақтолағай, Қойқара, Иманқара, Шөлқара тау жоталарының бор массивтеріне зерттеу жұмыстарын жүргізді. Экспедиция барсында далалық және камералық палеонтологиялық әдістер қолданыла отырып, 511 палеофауна мен палеофлора үлгілері жиналды. Олардың 259-ы омыртқалылар, 229-ы омыртқасыздар, 18-і Тасқа айналған ағаш үлгілері.








Сондай-ақ  осы аумақта 160 миллион жыл бұрын өмір сүрген теңіз бауырымен жорғалаушылардың омыртқалары, Палеоген акулаларының тістері мен омыртқалары, балықтардың құйрық қанаттары, Тасқа айналған ағаштардың үлгілері, 50 миллион жыл бұрын өмір сүрген ірі otodus акулаларының тістері, белемниттердің, қосжарнақты малюскалардың және  теңіз кірпілерінің бөліктері де табылып, Мезозой дәуірінің жоғарғы бор кезеңіндегі бірегей қазба қалдықтары жиналды.