«АТЫРАУ ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ» І облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция

«АТЫРАУ ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ» І облыстық


ғылыми-тәжірибелік конференция


 


2024 жылдың 28 маусым күні Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі «АТЫРАУ ӨЛКЕТАНУ ОҚУЛАРЫ» тақырыбында І облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.


Аталмыш тақырып бойынша Атрырау облысында алғаш рет өткізіліп отырған конференцияға облыс аумағындағы зерттеуші-ғалымдар мен өлкетанушылардың өлке табиғаты, географиясы, топономикасы, археологиясы, этнографиясы, фольклоры, тарихы, ескерткіштері, музей ісі туралы жұмыстары алынды.


Конференция Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы А.Жоламановтың алғы сөзімен ашылды.  


Конференция жұмысы екі бөлімге бөлінді. Панелдік отырыста PhD, қауымдастырылған профессор М.Қалменов «Таскешу керуен сарайындағы 2021 жылғы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмыстары», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің қауымдастырылған профессоры, тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі А.Шамғонов «Атыраулық төлеңгіттер туралы зерттеулер»,  Қазақстан Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы аудандық «Теңіз» филиалының төрағасы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, аудандық «Өренді өлкетанушы» клубының төрағасы Ө.Қажымғалиев «Құрманғазы ауданының географиясы және топономикасы», Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы М.Өтеғалиев «Исатай ауданының қалыптасуы мен өркендеуі хақында», тарихшы-өлкетанушы, Исатай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы М.Насиханов «Бұл елде Тұщықұдық ауылы бар», Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қ.Мұхитов «Соғысқа дейінгі жылдарда Жайық-Жем ауданында салынған мұнай құбырларының тарихы» тақырырыбында баяндамалар жасады. Конференцияның бұл бөліміне музей басшысы М.Кипиев модераторлық етті.


Конференцияның II-ші бөлімі 4 топқа бөлінген секциялық отырыстармен  жалғасты. «Өлкенің географиясы, топонимикасы», «Өлкенің археологиясы, этнографиясы, фольклоры», «ХVII-XXI ғ.ғ өлке тарихы», «Өлкенің тарихи-мәдени мұрасы: ескерткіштану, музейтану»  секциялары бойынша барлығы 44 қатынасушының баяндамалыры тыңдалды.  


Сондай-ақ конференцияға тарих, археология, өлкетану, жаратылыстану, мәдениеттану салаларының ғалымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен музей қызметкерлері, тарихи-мәдени мұраларды зерттеушілер, жалпы білім беретін мектептердің ұстаздары, ЖОО магистранттары мен студенттері, БАҚ өкілдері қатынасты.