Жайықтың оң жағалауына этнографиялық экспедиция.
2024 жылдың тамыз айында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі халқымыздың ертеден келе жатқан салт-дәстүрін, өңірге қатысты ескі жыр, аңыз әңгімелерді білетін адамдармен кездесіп, жергілікті тұрғындардың қолындағы ата-бабаларынан қалған мұра, тұрмыста пайдаланған көне жәдігерлерді анықтап, музей қорына қабылдау мақсатында Жайықтың оң жағалауына (Махамбет, Исатай,Құрманғазы аудандарына) экспедиция жүргізді.
Экспедицияға тарих ғылымдарының кандидаты, Нұр-Мүбәрак ислам мәдениеті университетінің ұстазы Д.Қатран жетекшілік етті. Экспедицияның құрамына филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы-ғалым М.Тәж-Мұрат, Қазіргі заман тарихын ғылыми зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Қ.Мұхитов, Бас қор сақтаушы Б.Хасанова, Қорларды есепке алу секторының сектор жетекшісі Ф.Таменова, Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі А.Лян, Қазіргі заман тарихын ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Д.Сатимова қатысты.
Экспедиция нәтижесінде музей қорына 50 ден астам көне заттар мен ауыл қарияларының дана әңгімелері жинақталды.