Сараптамалық қор іріктеу комиссиясының IV отырысы

Сараптамалық қор іріктеу комиссиясының IV отырысы


 


Желтоқсан айында сараптамалық қор іріктеу комиссиясының                          4-отырысы өтті. Отырыста жәдігерге сараптамалық-іріктеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ф.Оңғарсынованың өзі тұтынған заттары мен қолжазбалары, аудармалары, кітаптары, АҚ «Атырау жарық» мекемесінің 1950-60 жылдары қолданыста болған электр құрылғылары,  «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» KPI компаниясымен екі жақты меморандум негізінде қабылданған газ-химия кешеніне қатысты шикізаттары мен фотосуреттері, «Бабалар ізімен....» тарихи-мәдени экспедициясы аясында табысталған Өтей батырдың кескіндемелік портреті және өзге де жәдігерлер музей қорына қабылданса, музейдің кітапхана қорына 56 кітап қабылданды.