
«Поэзия падишасы - Фариза» көрмесі
2024 жылдың 21 қараша күні Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай өткен әдеби сазды кеште «Поэзия падишасы - Фариза» көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге музей қорындағы Ф.Оңғарсыноваға тиесілі 100-ден астам жәдігер қойылды. Атап айтқанда ақынның өмірдерегінен басталып, анасымен, бауырларымен түскен фотосуреттері, қолжазбалары, аудармалар жинағы, қаламсабы мен көзәйнегі, ақынның өзі тұтынған домбырасы мен мандолинасы, орден-медальдары мен куәліктері, депутаттық қызметі кезінде тұтынған қаламсабы мен қол сағаты т.б жәдігерлер қойылды.
Көрмені кеш қонақтары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы М.Құлкенов, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Филология ғылымының докторы С.Абдрахаманов, ҚР қоғам қайраткері И.Елекеев, ақын, Қазақстан еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері А.Бақтыгереева, ақын, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері С.Нұржан, ақын-аудармашы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері М.Ершу, Атырау облысының әкімі С.Шапкенов, ақынның ұлдары Алмас және Айбар Оңғарысыновтар мен сіңлісі А.Оңғарсынова өзге де кеш қонақтары тамашалады.











.jpeg?_t=1752227298)
.jpeg?_t=1752227298)
