
«Ұлы Дала жауһарлары» тақырыбындағы көшпелі көрмесі
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 8 қазан - 23 қараша аралығында аудан тұрғындарына археологиялық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлы Дала жауһарлары» тақырыбындағы көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге 2017 жылы Қызылқоға ауданы, Миялы қорғандар тобынан табылып, қалпына келтірілген алтын киімді Сармат әйелі, 2020 жылы Миялы қорғанынан анықталған X-XI ғасырға тиесілі Күміс әшекейлі әйел адам және оның жанынан табылған ат әбзелдерінің реконстукциясы, тағы да басқа археологиялық құндылықтар қойылды.
Тарихи мұрамызды аудан тұрғындарына кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған көшпелі көрме облысымыздың барлық 7 ауданын аралап, 3000-нан астам көрерменді қамтыды.