
«Домбыра-Дастан» көрмесі
2024 жылдың 23 қазан күні Қызылорда облысы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 25 қазан – Республика күніне орай С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Домбыра-Дастан» көшпелі көрмесі ашылды.
Көрмеге музей қорындағы ең құнды жәдігерлердің бірі де бірегейі ХІХ ғасырға жататын сүйектелген, күмістелген домбыра, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны Махамбет Өтемісұлының, Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының домбыраларының көшірмелері, КСРО-ның халық әртістері Нұрғиса Тілендиевтің домбыралары, дәулескер күйшілер Әзидолла Есқалиевтің, Рысбай Ғабдиевтің, Қаршыға Ахмедияровтың, Айгүл Үлкенбаеваның, Секен Тұрысбековтың, Асылбек Еңсеповтың домбыралары және өзге де әдебиет пен өнер майталмандарының, қоғам қайраткерлерінің, саз аспабын жасаушы шеберлердің домбыралары, саз аспаптары, барлығы 70-ке жуық жәдігер қойылды. Көрмені 23-29 қазан аралығында Сыр жұртшылығы тамашалады.