
Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясындағы «Бірлік керуені жобасы шеңберінде «Көшпенділер әлемі» Этноауыл жобасында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінен ұйымдастырылған көшпелі көрмесі
2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Этноауылда» Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық және этнографиялық коллекцияларынан көшпелі көрме ұйымдастырылды. Көрмеге 233 с.б. жәдігер қойылды. Атап айтсақ, Миялы қорғандарынан табылған Алтын және Күміс әшекейлі әйел адамдар мен олардың қару-жарақтарының, әшекей бұйымдарының реконструкциясы, олардың жандарынан табылған тарихи құндылықтар, ерте көшпенділер дәуіріне жататын түпнұсқа құмыралар, ақинақ-қанжарлар, жебе ұштары, қола айналар, әшекей бұйымдар, Ортағасырлық Сарайшық қалашығынан табылған жәдігерлер, сондай-ақ, ХІХ-ХХ ғасырларға тиесілі этнографиялық жәдігерлер: сүйектелген, күмістелген домбыра, шәй сандық, ағаш, теріден жасалған тұрмыстық ыдыстар, киіз үйдің ішкі жабдықтары сынды құнды жәдігерлер көрермен назарына ұсынылды.
Көрмені Қазақстанның әр өңірінің тұрғындары, Астана қаласындағы орта мектеп оқушылары мен ЖОО-ның студенттері арнайы келіп тамашалады. Норвегия, Англия, Нидерландия, Африка, Жаңа Зеландия, Корея, Қытай, Қырғызстан, Монғолия, Ресейден келген шет елдік қонақтар көрмеге деген ерекше ықыластарын білдірді. Көрмені барлығы 7000 мыңнан аса адам тамашалады.