
«Алтын киімді Тасқопа көсемі» жылжымалы көрмесі
2024 жылдың 20 қараша күні «Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырумен «Алтын киімді Тасқопа көсемі» жылжымалы көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты — Ақтөбе облысынан 2019 жылы қазба жұмыстары нәтижесінде табылған, ерте темір дәуірі көшпелілерінің элиталық археологиялық ескерткіштеріне жататын жәдігерлерді және сармат тайпалары мәдениетін зерттеудегі жетістіктерін көпшілікке насихаттау.
Көрме экспозициясына Ақтөбе өлкесіндегі сармат ескерткіштерінің зерттелу тарихына, жерлеу орындарының түрлеріне қатысты, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы б.з.б. VI-I ғасырлар (ерте темір дәуірі) аралығына жататын және 2019 жылы Темір ауданы Тасқопа қорымдары мен қорғанына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған құнды жәдігерлер қойылады.
Көрме желтоқсан айының басына дейін Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі көрермендерінің назарына ұсынылған көрмені ? көрермен тамашалады.