Зерттеу жұмыстары





Ортағасырлық Ақтөбе-Лаэти қалашығында археологиялық қазба жұмыстары басталды



Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің 2026 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, қазіргі уақытта музей қызметкерлері қала маңындағы Ақтөбе-Лаэти қалашығында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Биылғы қазба жұмыстарының ерекшелігі – зерттеу жұмыстары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты және Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы Ғылым академиясының А.Х. Халиков атындағы Археология институты мамандарымен бірлесіп жүргізілуде.

Археологиялық қазба жұмыстары 15 күнге жоспарланған. Қазіргі таңда екі институттың мамандары Ақтөбе-Лаэти қалашығының әртүрлі аумағында барлау шурфтарын салу жұмыстарын жүргізіп жатыр.