«Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан» көшпелі көрмесі

2024 жылдың 18 қвзвнында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының жәдігерлерінен ұйымдастырылған «Қожа Ахмет Ясауи және шежірелі Түркістан» көшпелі көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

«Алтын киімді Тасқопа көсемі» жылжымалы көрмесі

2024 жылдың 20 қараша күні «Ақтөбе облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастырумен «Алтын киімді Тасқопа көсемі» жылжымалы көрмесі ашылды.

Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясындағы «Бірлік керуені жобасы шеңберінде «Көшпенділер әлемі» Этноауыл жобасында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінен ұйымдастырылған көшпелі көрмесі

2024 жылы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны аясында «Этноауылда» Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің археологиялық және этнографиялық коллекцияларынан көшпелі көрме ұйымдастырылды.

«Домбыра-Дастан» көрмесі

2024 жылдың 23 қазан күні Қызылорда облысы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде 25 қазан – Республика күніне орай С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Домбыра-Дастан» көшпелі көрмесі ашылды.

«Ұлы Дала жауһарлары» тақырыбындағы көшпелі көрмесі

Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейі 8 қазан - 23 қараша аралығында аудан тұрғындарына археологиялық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Ұлы Дала жауһарлары» тақырыбындағы көшпелі көрмесі ұйымдастырылды.

«Поэзия падишасы - Фариза» көрмесі

2024 жылдың 21 қараша күні Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай өткен әдеби сазды кеште «Поэзия падишасы - Фариза» көрмесі ұйымдастырылды.

«Қарашүңгіл - Қазақстандағы алғашқы мұнай кен орны» көрмесі

Қазақстандағы тұңғыш мұнай бұрқағы атқылағанына 125 жыл толуына орай музейде «Қарашүңгіл - Қазақстандағы алғашқы мұнай кен орны» уақытша көрмесіашылды.

...

Келушілерге арналған

Музейде бірінші рет? Біздің бағдарламаларды тексеріңіз

...

Көрмелер

Біздің көрмелер туралы біліңіз

...

Музей туралы

Біздің музей туралы біліңіз

...

Жинақтар

Біздің жинақтарды қараңыз

...

Филиалдар

Біздің филиалдарымыз - тарихи мұраның орны

...

Кері байланыс

Бізге хабарласыңыз




Атырау қ. Б.Момышұлы,3
8(7122) 32 81 36
8(7122) 32 36 64
Atyrau.museum@mail